Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:01, 12 Ақпан 2024

Ресей Непалдың 15 мың азаматын соғысқа жалға алды - CNN

Непал
Фото:

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаға қарсы соғысқа қатысу үшін 15 мыңға жуық Непал азаматын тартты, деп хабарлайды Zhasalash.kz CNN-ге сілтеме жасап.

Непалдың бұрынғы сыртқы істер министрі Бимала Рай Паудьял қазір Ресей жағындағы майдан шебінде 14-15 мың непалдық соғысып жатқанын айтты.

CNN арнасының хабарлауынша, Ресей армиясына қосылғысы келетін Непал азаматтары елге туристік визамен кіреді, ал Ресей үкіметі оларға ай сайынғы 2 мың доллар жалақы мен Ресей азаматтығын жедел тіркеуді ұсынады.

Непал билігі Ресей жағында 200-ге жуық елдің азаматы соғысып жатқанын, олардың кем дегенде 13-і майданда қаза тапқанын ресми түрде мәлімдеді. Сонымен бірге 100-ге жуық адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде, тағы төртеуі украиналық тұтқында деген ақпарат бар.