Ресей журналисі «Қазақстан орыс тілін ысырып» жатыр деп мәлімдеді
Ресейдегі белгілі тележурналист Тина Канделаки Қазақстан орыс тілін баяу болса да жою жұмыстарын жүргізіп жатқанын жазды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Ресейдің тележүргізушісі Тина Канделаки Қазақстан станцияларының атауын өзгерту арқылы ел орыс тілін мемлекеттік деңгейде баяу, бірақ сенімді түрде ығыстырып жатыр деп пікір білдірген.
Ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки өзінің Telegram – каналында Қазақстан осылайша орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатқанын көрсетіп, "тарихтағы өз орнын қолдау сылтауымен өте алысқа баруға болатыны түсінікті, әсіресе осындай күмәнді шешімдерді ілгерілету үшін тарихты жасыру ыңғайлы" деп жазған.
Оның бұлай деуіне, көлік министрлігі кейбір темір жол станцияларын атауының өзгеруі себеп болған. Бұған дейін министрлік станцияларды (Нұр-Сұлтан-Астанаға, Нұр-Сұлтан - Нұрлы жолды – Нұрлы жол, Косшокуды – Қосшоқыға, Сай-Утесті – Сайөтеске; Өзенді Жаңаөзенге, Оралды Оралға, Құмшағылды Құмшағалға) қайта атау туралы Үкімет қаулысының жобасын жариялаған.
Тележүргізушіге жауап ретінде Динара Сәтжан елдегі мемлекеттік тілдің қазақ тілі екенін атап өтті.
"Қай теміржол станциясын қалай атауға болатынын өзіміз шешейік. Т/Ж станциялары атауын өзгерткен жоқ, бұл олардың қазақ тіліндегі дұрыс аумақтық атаулары" - дейді ол.