Қоғам

Ресейде қазақстандық ер адам ұшақты басып алуға әрекеттенген

Ресейде ұшақты басып алу қаупі туралы хабарлама түсіп, борттағы мас ер адам ұсталды.

Әуежай

Полицияға ұшақ ұшар алдында әуе кемесін басып алу қаупі туралы ақпарат түскен. Құқық қорғау органдары ұшаққа келіп, Мәскеу облысының 42 жастағы тұрғынын ұстаған. Ер адамның мас болғаны байқалған. Тексеру кезінде одан қауіпті заттар табылмады.

Ресей ІІМ мәліметінше, ер адам алты тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ оған қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр. 

Ал 112 Telegram арнасының жазуынша, ұсталған азамат Қазақстанда туған. Арна мәліметінше, ол бұған дейін ұрлық және адам өлтіремін деп қорқыту баптары бойынша сотталған. Оқиға салдарынан рейс екі сағатқа кешікті.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: әуежай Ресей
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз