Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:46, 08 Сәуір 2024

Ресейдің Орынбор облысында су тасқынынан бөгет бұзылды

в
Фото: из открытых источников

Ресейдегі Орынбор облысының Орск қаласында Лесоторговы ауылының маңындағы бөгет жарылып, су жеке үйлерге жайылды.

Тиісті ведомства өкілдері ауыл тұрғындарының шұғыл эвакуацияланып жатқанын айтты. Бұған дейін ауылдан жергілікті тұрғындарды профилактикалық эвакуациялау басталған болатын.

Қала билігі бөгет бұзылғаны туралы ақпаратқа әлі түсініктеме берген жоқ. Бұған дейін билік бөгеттің тұтастығына нұқсан келгенін хабарлаған.

Орынбор облысындағы екінші үлкен қала Орскіде 5 сәуір күні кешке су тасқыны кезінде бөгет бұзылды. Келесі күні қорғаныс құрылымында жаңа жарылыс болды. 8 сәуір күні сағат 13:22-дегі соңғы мәлімет бойынша, Орск қаласында 6987 үйді су басқан. Төтенше жағдайлар министрлігі Жайық өзенінің бойындағы толқын 8 сәуірде Орск қаласынан өтіп, 17 сәуірде Орынборға жетеді деп хабарлады. Билік Орынбор тұрғындарын эвакуациялауға шақыруда, деп жазады Meduza.

Орск қаласы мен Орынбор облысында федералдық деңгейде төтенше жағдай жарияланған.

Фото: Владимир Астапкович/РИА Новости

Тегтер: