Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:47

Ресейдің ұшағы Анталия әуежайына қонғаннан кейін өртеніп кетті

1
Фото: видеодан кадр

Сочиден ұшқан ресейлік «Азимут» әуе компаниясының Superjet-100 ұшағы Түркияның Анталия әуежайына қонған соң өртеніп кетті.

 24 қарашада болған оқиғаны Росавиацияның баспасөз хатшысы Артем Кореняко өзінің Telegram-каналында растады.

Ұшақ командирі арнайы трап арқылы жолаушыларды эвакуациялаған. Әуе компаниясы зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеді.  Түркияның көлік министрлігінің мәліметінше, ұшақта 95 адам болған. Анталия әуежайы бортта 91 адам болғанын хабарлады.

Түркияның AirportHaber авиациялық порталының хабарлауынша, Superjet-100 ұшағының қозғалтқышы өртенген. Ұшақ қону кезінде сол қанатымен ұшу-қону жолағына соғылған болуы мүмкін.Кейбір мәліметтерге қарағанда,  Superjet қатты жаңбыр мен желдің салдарынан қолайсыз ауа райында қатты қонғаннан кейін өртенген.

Шілде айында Мәскеу облысында Superjet-100 ұшағы апатқа ұшырады

2024 жылдың 12 шілдесінде Мәскеу облысының Коломен ауданында  Superjet 100 ұшағы апатқа ұшырады. Борттағы стюардесса мен екі ұшқыш қаза тапты. Ұшақта жолаушылар болмаған. Ұшақ 2014 жылы шығарылған және Газпромавияға тиесілі болған. 2019 жылдан бері ондан үш техникалық ақау тіркелген.