Республикалық «SEMSER» әдеби конкурсы жарияланды
Жастар қай кездеде, қай қоғамда да дамудың негізгі қозғаушы күші, жаңалықтың жаршысы ретіндеалдыңғы шепте жүреді.
Олардың бойындағы бұла күшін белгілі бір арнаға бұрып,игі мақсатқа, ізгі істерге бағыттап отыру алдыңғы буын ағалардың міндеті деугеде болады. Сол себепті де Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев былтырғы Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын.Содан бері жастарға ерекше назар аударылып, әр салада өзін дәлелдеп жүргенталанттарға қолдау көрсеу мықтап қолға алынды.
Осындайшаралардың бірі ретінде «Мәдениетпорталы» «Алтын қазына» ҚБ-мен бірлесіп жастарарасында Республикалық«Семсер» әдеби конкурсын жариялап отыр. Конкурстың Бас демеушісі табиғиресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларындаәлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі — EurasianResources Group (ERG) компаниясы. Еуразиялықтоп (ERG) жыл сайын еліміздің рухани өмірін дамытуға өлшеусіз үлес қосып,әдеби-мәдени шараларға демеушілік жасап келе жатыр.
Республикалық «SEMSER»әдеби конкурсы Үздік проза, Үздікпоэзия, Үздік әдеби сын деген 3 аталым бойынша өтеді. Бас жүлде — 1 000 000 теңге! Әр аталымның жеңімпаздарына 500 000 теңгеден жүлде тігіліпотыр. Сонымен қатар, арнайы әдеби сыйлықтар да бар. Гран-при иегеріне «SEMSER» әдеби сыйлығы табысталады. Алқалған жүлдегерлерге Алтын төсбелгі тағылады.
Әдеби конкурсресми түрде жарияланған күннен бастап, 45 жасқа дейінгі барлық қаламгерлер өзшығармаларын «Мәдениет порталына» өздері орналастыруға барлық мүмкіншіліктерқарастырылған. Конкурс онлайн режимде, барша қазақстандықтардың көз алдындаашық түрде жүргізіледі. Сонымен қатар, оқырмандар өзі ұнатқан шығармаларғадауыс бере алады. Мұның барлығы қазылар алқасының қорытынды шығару кезіндеесепке алынады.
Әдеби бәйге текмемлекеттік тілде өтетінін айта кету қажет.
Конкурс туралытолық ақпаратты «Мәдениет порталынан» оқи аласыздар!