Қоғам

Риддерде 13 жастағы қыз мотоциклмен тартылған арқанға соғылып, қаза тапты

Қайғылы оқиға 23 тамызда болған. Полицияның мәліметінше, қыз бағанаға байланған жылқының арканына соғылған.

Полиция

Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Мотоциклде бірге болған 15 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Оқиға бойынша кәмелетке толмаған адамның абайсызда қаза болуына әкеп соққан әрекет фактісімен қылмыстық іс қозғалды.

Алайда әлеуметтік желідегі жазбаларда оқиғаның мән-жайына қатысты басқа нұсқа айтылып жатыр. Кей тұрғындардың сөзінше, жолға арқан әдейі керілген. Олардың айтуынша, арқан мотоцикл жүргізушілері өтпеуі үшін мойын деңгейінде тартылған болуы мүмкін. Сондай-ақ оқиға кезінде ол жерде ат байланып тұрмағаны туралы пікірлер де айтылуда.

Бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Оқиғаның нақты себептері мен арқанның қалай және не мақсатта тартылғанын полиция анықтап жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз