14:18, 18 Желтоқсан 2023
Риддерде қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды

Риддерде қоқыс жәшігінде жатқан кішкентай нәрестені қала тұрғындары тауып алған, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Қостанай облысының тұрғыны 17 желтоқсан күні түскі уақытта Корчагина көшесіндегі үйлердің бірінің жанынан жаңа туған нәрестенің мәйіті табылғанын полиция департаментіне хабарлаған. Хабарламада көрсетілгендей, бала полиэтилен пакетке оранған күйі жатқан.
“Аталған факті бойынша Рудный қалалық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы "Анасы жаңа туған нәрестесін өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады”, – деді өңірдің полиция департаменті.
Тұлғаны анықтау үшін қажетті тергеу амалдары мен жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.