Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:56, 17 Мамыр 2024

Риддердің жылу желілерін жөндеуге 2,4 млрд теңгеден астам ақша бөлінді

а
Фото: из открытых источников

ҚР Үкіметі Риддердің жылу желілерін күрделі жөндеуге резервтен 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

 Өткен жылыту маусымында жылу желілерінде 25 технологиялық бұзушылық фактісі тіркелген.

Кейінге қалдыруға болмайтын қажетті шұғыл жұмыстарды ескере отырып, ҚР Үкіметі резервінен Риддер қаласының «Водоканал» ШЖҚ МКК жылу желілерін күрделі жөндеуге 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Бұл олардың тозу деңгейін жарамды көрсеткіштерге дейін жеткізуге және қысқы кезеңге дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 50-ден астам учаскеде жұмыстар жүргізілмек, делінген Үкімет хабарламасында.

Бір ай бұрын Риддер жылу электр орталығының технологиялық жабдықтары мен инфрақұрылымына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 4,9 млрд теңге бөлінген.

Алдағы уақытта Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Ақтау, Тараз, Петропавл, Павлодар, Жезқазған, Ақтөбе, Екібастұз, Степногорск, Рудный, Балқаш және Ақсу қалаларында 10 энергия блогын, 55 қазандықты және 45 турбинаны жөндеу жоспарланып отырғаны айтылды.

Фото: ҚР Үкіметі

Тегтер: