Баған

Рухани жұтаңдық (видео)

Өкінішке қарай, биылғы жыл өрескелекі оқиғамен жадымызда қалатын болды. Оның бірі – 175 жылдығын тойлағалы жатқанбас ақынымыз Абай атамыздың кіндікқаны тамған – Сыртқасқабұлақтың тұсында жаяу жүргіншілер соқпағына Абайдомбырасының бейнесін салу болса, екіншісі – Алматы қаласы әкімдігіқызметкерлерінің карантинді желеу етіп, 28 панфиловшылар атындағы парктегі ҰлыОтан соғысы жауынгерлері мемориалына гүл шоқтарын қоюға келген ардагерді парккекіргізбеуі.

Рухани жұтаңдық (видео)

«Айтылмаса, сөз жетім», деген қазақтың баласы болғандықтан, осы екікелеңсіз оқиғаға немқұрайды қарап, үнсіз қала алмадық.

Білместік пе, надандық па?

Бірінші оқиға. Шығыс өңірінің басшысы Даниал Ахметов данышпан ақынныңмерейтойын лайықты атап өтуге шындап кіріскен сыңайлы. Баспасөзде жазылыпжатқандай, Даниал Кенжетайұлы соңғы айларда Семей өңіріне бірнеше дүркін барып,мерейтойға дайындық барысымен танысыпты. Ендеше, ниет бар, бірақ сол ниеттідұрыс жүзеге асыру жағы кемшін түсіп жатқан сыңайлы. Мәселен, жаяу жүргіншілержүретін соқапаққа Абай домбырасының бейнесін салу жұртшылықтың наразылығынтудырды. Өйткені домбыра иісі қазақ үшін қасиетті аспап, ал оны аяқ астына салу– рухани жұтаңдықтың белгісі. Ақынның мерейтойына алыс-жақын шетелдерденқонақтардың келетіні бесенеден белгілі, міне, сол қонақтардың бірі «қазақтың,оның ішінде, мерейтой иесі Абай атамыздың қасиетті қара домбырасын қалай таптапжүреміз», десе, жер болмаймыз ба?!

Әрине, бұл үшін облыс әкімі Даниал Ахметовты кінәлау қисынға келмес. Ол орыстанғанПавлодар өлкесінің тумасы, орысша білім алып, орыс руханиятынан сусындап,тәрбие алды, яғни өз заманының перзенті. Бұл арада оның орынбасарлары менкөмекшілеріне артылар жауапкершілік жүгі  ерекше болмақ. Міне, сол азаматтар ДаниалКенжетайұлына осы мәселені тәптіштеп, жеткізуі керек еді. Бірақ олай болмады,олардың көздегені не екені өздеріне ғана мәлім. Мүмкін, бақталастық, көреалмаушылық болар, әлде қарапайым немқұрайдылық па екен. Бірақ Өскемендеорнатып, кейін алынып тасталған Абай ескерткішімен байланысты оқиға ешкімгесабақ болмаған сыңайлы. Тағы бір қынжылтатын нәрсе, аталған мәселеге қатыстыАбай топырағында өскен азаматтар осындай өрескел іске қарсылық танытпай, негеүнсіз қалды екен деген сұрақ.

Реті келгенде айта кетейік, егер аймақ басшысының үзеңгілес орынбасарларымен көмекшілері ерекше дүние, қазіргі сөзбен айтқанда, креатив жасағысы келсе,Қызылорда облысындағы Қорқыт ата қобызы кейіпінде салынған мемориалды кешендей,Абай домбырасын бейнелеген нысан салуды неге қолға алмаған? Ерекшесәулетімен алыстан менмұндалап, көз тартып тұратын ондай кешен Абай әлемінежетелейтін рухани дүниенің есігі іспетті болмас па еді?!

Ардагерді ашындырғантексіздік

Екінші оқиға. Ұлы Жеңіс күні Алматыда мегаполисәкімдігі мен полиция қызметкерлерінің  қалаорталығындағы 28 панфиловшылар атындағы парктегі қарулас майдангерлердіңмемориалына гүл шоқтарын қоюға келген ардагерді ішке кіргізбеуі желідегіжұрттың ашу-ызасын тудырды.

Сол маңдағы тұрғындардың «Ақсақалдың жалғыз өзінкіргізіңдерші, мемориалға гүл шоқтарын қойып келсін», деген өтінішіне құлақ аспағантексіздерді желідегілер жерден алып, жерге салды.

Желіде таралған бейнежазбадан кеудесі орден-медальгетолы ардагердің сабыр сақтап, үнсіз тұрғанын көрдік. Тараптардың уәждерін біразтыңдаған ардагер «шаш ал десе, бас алатын» шенділердің парктегі ескерткішбасына кіргізбейтініне көзі жеткен соң, ләм-мим деместен, теріс айналып, өзжөніне кетеді. Алғашқы әскери марапаты – орденге 13 жасында ие болып, талайқамалды бұзған ардагер дәрменсіз күйге тап болған кезде қандай көңіл-күйдеболғаны бір өзіне мәлім.

Әрине, қызметкерлерінің өрескел қылығы бүкіл елгежария болғаннан кейін Алматы әкімдігі ардагердің алдына барып, кешірім сұрады.Тengrinews.kz сайты жазғандай, ардагердің алдына барған Алматы қаласыҚоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков:«Біз кінәліміз, кешірімсұраймыз. Коронавирусқа байланысты осылай болып қалды», – деді.

Рақымсыз ұрпағы көңілін қалдырған қария 11 жасындақан майданға араласқан Ива Акимович Абдулов екен.

1930 жылғы 20 маусымда дүниеге келген ақсақалдыңтартқан тауқыметі аз болмаған. Ата-анасының тағдырынан беймәлім ол, алдымен,сәбилер үйінде, кейін Тамбов облысындағы балалар үйінде тәрбиленеді. Соғысбасталғанда, қасындағы достарымен бірге майданға қашып кетеді. Сөйтіп, ол 316атқыштар дивизиясына полк баласы ретінде қабылданады. Алғашында санитарларғаұрыс даласынан жаралыларды алып шығуға көмектеседі. Бала болғанына қарамастан,батылдығымен көзге түседі. Алғашқы әскери марапатына 13 жасында ие болған ол, сол кезде «сержант» әскериатағын алып, 274 полк құрамында қызмет етеді. Курск шайқасына қатысады.  Ұрыс барысында екі рет жарақат алады, бірнешеорден-медальмен марапатталады.

Соғыстан кейін Иван АкимовичСаратов қаласындағы Суворов әскери училищесінде оқиды. Училищені үздіктәмәмдаған курсант ретінде ол Мәскеудегі КСРО ҰҚК Жоғары мектебіне оқуғажіберіледі. Оқуды аяқтағаннан кейін Ленинградта, Солтүстік Кореяда қызмет етеді.1956-1957жылдардағы Кариб дағдарысы кезінде Кубада қызмет еткен. Одан кейін, Абдуловқызметін өзіне құтты қоныс болған Қазақстанда жалғастырады. Алматыда өзініңболашақ жарын кездестіреді.  Бақыттыотбасында екі қыз, бір ұлы дүниеге келіп, өсіп жатады. Дегенмен ИванАкимовичтің пешенесіне жазылған тауқымет таусылмапты. Иван Абдулов қызметтікіссапарда жүргенде, қайғылы жағдай орын алып, көлік апатына ұшыраған жұбайы менбалалары, барлығы қаза болады. Бұл соққы оған өте ауыр тиіп, ол қызметтенотставкаға кетеді. Сөйтіп, «полковник» атағында зейнетке шыққан ол қызметінжобалау институтында жалғастырады. Бүгінде ардагер жалғыз өзі тұрады. Жиі ауыратын соғыс ардагері біздің қамқарлығымызбен қолдауымызға мұқтаж.

ҚайратМАТРЕКОВ,

«ЖасАлаш»

(Тақырыпқа арқау болған ардагерді ашындырған видеоны сайытымызға қоса салуды жөн көрдік)

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз