Рушылдық – биліктің кадр іріктеудегі басты ұстанымы
Бұл жерде сөз алдымен әлеуметтік-психологияғылымы туралы болайын деп отыр. Шығармашылық қызметтің осы саласының қағидаларынасүйене отырып, қазақтың санасын иектеген келеңсіз мінездердің пайда болу жәнеорнығу тетіктерін объективті түсіндіріп беруге болады.
Әлеуметтік-психология– әлеуметтік сананы, тиісінше, әлеуметтік үдерістерді басқару ғылымы, саясаттың пәрмендіқұралы. Сондықтан бұл саланың мамандары оны XXI ғасырдың ғылымы деп атайды.
Қазақ билігіндегілер мұны жақсы меңгеріп алған. Олар ресейлікәлеуметтік-психология мамандарының ақылына сүйене отырып, әрекет етеді. Қазірессіз тобырды құрықтының алдындағы үйірше жөңкілтеді. Ал саяси оппозиция «бұл қалайболып кетті» деп, таңданумен келеді.
Удың уытын у қайтарады. Әлеуметтік-психология теорияларынасүйене отырып жасалған бұқаралық апатияның алдын алу үшін де сол ғылымның қағидаларыменәрекет етуді білетін мамандардың қолы керек. Бұқаралық сипат алған келеңсізмінездердің пайда болып, орын алу құбылысы әлеуметтік психологияның тармақтары– ұлттық психологияжәне менталитеттуралы теориялар тұрғысынанталдай қарастыруды қажет етеді. Олай болса, жоғарыда келтірілген мінездердің шығутегі мен әрекет ету механизмдері былай болып шығады.
Ғылыми анықтама:
Ұлттық психология орнықты факторларға тәуелді, ұзақ сақталатынқұбылыс. Оның қалыптасуына халықтың жайғасқан аумағы, оның табиғи және климаттықжағдайлары, дәстүрлі шаруашылық жүргізу формасы, халықтың басынан кешіргентарихы, тілі, мәдениеті, бұларға қоса, өмір бейнесі, дәстүрлері мен ғұрыптарысебеп болады. Ал менталитет орнықты емес, тарихи үдерістің бағытына қарай өзгеріп отыратын жағдайлардақалыптасады. Оларға билік құрып отырған режімнің сипаты, оның жүргізіп отырғанішкі саясаты, ағымдағы кезеңнің шаруашылық уклады, әлеуметтік сілкіністер менапаттар, идеологиялық шаралар… жатады. Соған қарай, ұлттық психологияны өзгертуқиын және ол ұзаққа созылады, ал менталитетті идеологиялық, әлеуметтік,экономикалық және рухани шаралармен, салыстырмалы қысқа мерзімде өзгертугеболады (Жукешев К. Менталитет и национальнаяпсихология // Мысль, 2006, № 6. С. 17-21).
Аталған ғылыми қағидаларға сүйене барлағанда қазақтыңсанасын меңдеген жағымсыз құбылыстардың кейбіреулерінің сыры былай ашылады:
Рушылдық – ұлтқадейінгі қауымдастыққа тән құбылыс. Қазақбилігін ұстап отырған адамдардың қылықтары осы тұрғыдан саралағанда, интеллект және мәдениет деңгейінің төмендігінен,индустриялы қоғамда өмір сүріп жатқанын аңғармауының салдарынан, олардың рулар қауымдастығышеңберінде әрекет етіп жатқанын айғақтайды. Рушылдық – Қазақстан билігінің кадріріктеуде ескеретін басты ұстанымы. Қазақ билігінің жоғарғы эшелонында елдің қамынойлайтын, мемлекетшіл адамдар емес, рушыл адамдар отыр. Олар өздерініңиндустриялы даму басқышындағы азаматтық қоғамда өмір сүріп жатқандарын аңғармайды,рулық-отбасылық тар шеңберден шыға алмайды.
Өзге кесірлі мінездерге төмендегідей сипаттама беругеболады:
Арызқойлық, сатылғыштық,күншілдік, жалтақойлық, жағымпаздық– отарға түскен елдің метрополияға тәуелділігініңсалдарлары. Мұндай мінездердің пайда болуының әлеуметтік астары лауазымдық қызметтерді өзгеден сұрап алуға мәжбүрліктежатыр. Метрополия өкілі автохтонды ұлттың арасынан шыққан интеллектілі,тегеурінді, отаншыл адамдарды ығыстырып, олардың орнына не айтса да орындайберетін, жалтақой, жағымпаз адамдарды іріктеп алу үшін аталған амалдарды қолданыпкелгені белгілі. Қазақтың санасында бұлар мығым орын алғаны сондай, әлі қалмайкеле жатыр. Оның үстіне қазіргі билікке де аталған тәсілдермен, осындай адамдардытөңірегіне жинап алу керек болып тұрғаны және бар.
Парақорлық, суайттық,мақтаншақтық, дарақылық– адамдардың әлеуметтік тегімен түсіндірілетін құбылыс.Кедей таптардан шыққан, адамгершілік ұсқыны қораш адамдар байлық пен билікке қолжеткізгенде осындай мінездер көрсетеді. Қазақта «кедейден шыққан бай жаман»деген сөз бар. Кеңес кезінде лауазым алуға қолы жеткен мырқымбайлар мен шоқпыттар,соңғы онжылдықтарда олардың ұрпақтары осындай үлгілерді бастап, біртіндеп халыққажұқтырып келеді. Қатардағы қазақ парақор да, суайт та, мақтаншақ та, даңғой даболған емес.
Жоғары лауазымды шенеуніктердің отбасылық шараларын – туғанкүн, шілдехана, баланы сүндетке отырғызу, үйлену тойларын жасағанда ең қымбатмейрамханаларда, шетелден әйгілі артистер шақырып, оларға миллиондап гонорар төлепөткізіп жүргендері белгілі. Кейбіреулері мұндай шараларды шетелге барып тажасайды. Әйелі бала тапқанда тікұшақпен аспаннан ақша жаудырғандар туралы дахабар таралған болатын. Ал «сынықтан басқаның бәрі жұғады» демекші, ондайдыіліп алып, бәсекеге айналдырып жүргендер – биліктен пана тапқан орта тап өкілдері.
Әдеуметтік психология теорияларына сүйене отырып талдағанда,бұқаралық санадағы кейбір айшықты сызықтар осылар. Келтірілген ғылыми қағидаларғасүйене отырып, менталитеттегі осы және бұлардан өзге қылаңдарды тереңірекзерттей отырып, сырларын ашып, бұқаралық сананы жөніне қарай сілтеуге болады.
Қанағат ЖҮКЕШЕВ, «Билік метаморфозасы» мақаласынан
(Жалғасы бар)
Фото:abai.kz