Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 23:11

Руслан Берденовті қызметтесі атып кетті

Руслан Берденов
Фото: ашық дереккөз

Шымкент қаласы әкімнің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті.

Күдікті Руслан Берденовке қарата 3 оқ атқан, оның екеуі дарыған. Өмірлік маңызды жерлеріне зақым келмеген.

Шымкент қалалық Полиция департаменті күдіктінің ұсталып, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында атыс қаруын қолдану дерегі орын алды. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.