Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:36, 01 Желтоқсан 2024

Сәбит Мұқановтың қызы Баян Мұқанова қайтыс болды

Баян Мұқанова
Баян Мұқанова. Фото: instagram.com/ museum__s.g.m

Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың қызы Баян Мұқанова дүниеден озды.

Қаралы хабарды Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені Instagram парақшасында хабарлады

"Алматы қаласы музейлер бірлестігі, Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің ұжымы қазақтың қарымды қаламгері, академик Сәбит Мұқановтың қызы Баян Мұқанованың қайтыс болуына байланысты отбасы мен туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Сәбит Мұқанов (1900–1973) – қазақтың көрнекті жазушысы, ақын және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. 1943-1951 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағын басқарды.

Оның әйгілі шығармаларының қатарында «Ботагөз», «Өмір мектебі» трилогиясы бар. 

Баян Мұқанова отбасының ғылыми дәстүрін жалғастырып, саналы ғұмырын ғылым мен білімге арнады. Ол химия ғылымдарының кандидаты, ауыл шаруашылығы институтында сабақ берді.