Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:13, 27 Маусым 2024

Садықовқа қастандық: Украина Бас прокуратурасы мәлімдеме жасады

күдікті
Фото: Украина ұлттық полициясы

Украина Бас прокуратурасы қазақстандық журналист Айдос Садықовқа қастандық жасады деген күдіктілерді экстрадициялау ісін бастағанын мәлімдеді.

Бұған дейін Садықовқа оқ атты деген күдікпен құзырлы органдар Мейрам Қаратаев пен Алтай Жақанбаевтың аттарын атаған.

Бас прокуратура аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген екі адамды экстрадициялау үшін Қазақстан Республикасының құзырлы органдарына жүгіну үшін құжаттар топтамасын дайындауда. Күдіктілердің екеуі де Қазақстан азаматтары. Олар қылмыс жасалған күні Украина аумағынан шығып кеткен. Оларға адамдар тобының тапсырысы бойынша және алдын ала сөз байласуымен (Украина Қылмыстық кодексінің 15-бабының 2-бөлігі, 11, 12-тармақтары, 115-бабының 2-бөлігі) жасалған кісі өлтіруге оқталу күдігі туралы хабарланып, халықаралық іздеу жарияланды.

Сотқа дейінгі тергеуді Киев қалалық прокуратурасының процессуалдық басшылығымен Киевтегі Ұлттық полиция басқармасының тергеу-жедел бөлімшелері жүргізеді, делінген Украина бас прокуратурасының хабарламасында.

Айта кетейік, 2024 жылы 18 маусымда Киевте екі адам Украинада босқын мәртебесін алған қазақстандық журналист Айдос Садықовқа қастандық жасаған болатын.