Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:10, 16 Ақпан 2026

Садыр Жапаров бірден үш министрді қызметінен босатты

Садыр Жапаров
Фото: ашық дереккөз

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бірден үш министрді қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды.

Президент жарлықтарына сәйкес:

  • Абсаттар Сырғабаев – Көлік және коммуникациялар министрі қызметінен,

  • Медер Машиев – Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі қызметінен,

  • Бообек Ажикеев – Төтенше жағдайлар министрі қызметінен босатылды.

Президент әкімшілігі министрлердің отставкаға кету себептерін нақтылаған жоқ.

Белгілі болғандай, Абсаттар Сырғабаев 10 ақпанда қызметінен алынған Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамчыбек Ташиевке жақын тұлға саналады.

Соңғы кадрлық өзгерістер Қырғызстанның саяси сахнасындағы процестердің жалғасып жатқанын көрсетеді.