Салтанат Нүкенованы өлтіру фактісі бойынша тергеу аяқталды
Салтанат Нүкенованы өлтіру фактісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Адвокат тергеу нәтижелері бойынша мәлімдемелер жасады.
"Қазіргі уақытта бізді іс бойынша жүргізілген барлық сараптамалармен таныстырды. Бірақ біз қылмыстық істің материалдарын әлі толық көрген жоқпыз. Менің мұндай істерде өте үлкен тәжірибем бар. Мен бұрын кісі өлтіру істерімен айналысқанмын, бірақ тіпті сарапшылардың тұжырымдары мені таң қалдырды. Мен мұндай қатыгездікті, салқынқандылықты ешқашан көрген емеспін. Қазіргі уақытта Салтанаттың туыстарына деген құрметпен өлімді бүге-шегесіне дейін айта алмаймыз. Тараптар іс материалдарымен танысып, қорғау өтініштерін мәлімдегеннен кейін шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберілетін болады", – деді ол.
Адвокат Жанна Мұхамадидің айтуынша, аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламағаны үшін алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылуға, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылмақ.