Салтанат Нүкенованың өлімі: жойылған бейнежазбалар туралы
Астана қаласының прокуроры Ерлан Өтегенов 2023 жылы 20 қарашада елордада кәсіпкерлер мәселесін талқылауға арналған жиыннан кейін тілшілерге сұқбат беріп, Бишімбаевтың ісіне қатысты тың мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zhasalash.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қала прокуроры мейрамхананың бейнебақылау камераларының таспасын бірден қолға түсіру мүмкін болмағанын, өйткені ондағы жазбалар бастапқыда өшірілгенін де жеткізді.
"Бейнетаспадағы жазбалар бойынша, иә, ондай фактілер болды (өшірілген - ред.). Бейнежазбалар қазір қайта қалпына келтірілді".
Еске салайық, 9 қараша күні Астанадағы мейрамханалардың бірінді бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген жаңалық тарады. Сондай-ақ Қуандық Бишімбаев өзін өлтіретінін айтып, полиция қызметкерлерін қорқытқан. Жантүршігерлік оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары белсенділік танытып, қылмыскерді қатаң жазаға тартуды талап етіп жатыр.
Бұған дейін экс-министрдің қаза тапқан әйелі Салтанат Нүкенова мен оның өліміне жалғыз күдікті Қуандық Бишімбаев туралы толығырақ жазған едік.