Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:11, 15 Желтоқсан 2023

«Салтанатқа ұқсайтын қызды қамап ұстаған»: Нүкенованың ағасы тың дерек айтты

Қайрат Бишімбаев
Фото: из открытых источников

Қайғылы оқиға Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты ағасы Қайрат Нүкенов тың ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Бұл туралы марқұмның ағасы "Ертысбаев Live" youtube-арнасына берген сұхбатында айтты. 

"Қарындасым біраз уақыт вип-залдан шықпай қойған. Осы уақытта Салтанат қайтыс болып кетуі мүмкін деп ойлаймын. Сол уақытта, яғни түстен соң Бишімбаев қарындасым Салтанатқа ұқсайтын бір қызды гастро-барға шақырып, 1,5 сағат көрші кабинкада ұстап отырған. Тағы бір нәрсе, Бишімбаевты тұтқындаған кезде одан қарындасымның әшекей бұйымдары табылды. Яғни, ол қарындасымның барлық әшекей бұйымдарын шешіп алған. Ал інісі Салтанаттың сырт киімі мен басқа жаңа киімдер алып келген. Менің ойымша, олар қарындасыма ұқсайтын қызды көндіріп, киімі мен әшекейлерін тағып, Салтанаттың өзі гастро-бардан шығып кеткен секілді камерадан көрсеткісі келді. Біздің күдігіміз осы", - деді Салтанаттың ағасы.

Сондай-ақ, Қайрат Нүкенов Бишімбаевтың туыстары кешірім сұрамағанын айтты.

"Оқиға өткен соң туыстары Павлодарға келді. Бишімбаевтың әкесі мен ағасын көрдім. Бірақ осы уақытқа дейін туыстарынан кешірім сұрап, ешкім алдымызға келген емес", - деді ол.