Оқиғалар

«Самара-Шымкент» автожолында болған жол апатынан 2 адам қаза тапты (видео)

«Самара-Шымкент» автожолында жол-көлік оқиғасы болып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.12 наурызда Қалыбай кенті ауданында “Pontiac-Viva” автокөлігінің жүргізушісі жолдың тайғақ учаскесінде метеорологиялық жағдайды ескермей, рөлді басқара алмай, ілеспе бағытта тұрған “DAF” ауыр жүк көлігімен соқтығысқан.

«Самара-Шымкент» автожолында болған жол апатынан 2 адам қаза тапты (видео)

Жол апаты салдарынан “Pontiac” автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі мен 58 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының жолдарында 96 ЖКО орын алды, онда 12 адам қаза тауып, 135 адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз