Видео

Санкция туралы сөз қозғалғаннан кейін Ұлыбритания елшісі ҚР СІМ-ге шақырылды

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Ұлыбритания Парламентінде айтылған мәлімдемесі үшін Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Санкция туралы сөз қозғалғаннан кейін Ұлыбритания елшісі ҚР СІМ-ге шақырылды

Бұл туралы журналистердің сауалына жауап берген  Қазақстанның сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев айтты. 

«Бұл Парламентте жасаған бір депутаттың мәлімдемесі болды. Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі жағдайды түсіндіру үшін ҚР СІМ-ге шақырылды. Одан түсініктеме күтеміз», — деді Нұрышев Мәжілістегі журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

«Сыртқы істер министрлігі өткізетін іс-шараларды қадағаласаңыз, министр шетелге белсенді түрде шығатынын байқайсыздар. Түрлі алаңдарда — БҰҰ-да, адам құқықтары жөніндегі кеңесте сөз сөйлейді. Еліміздің жағдайы туралы толық ақпарат беріп отырғанымызды көріп отырсыздар», — деді ол.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз