Баған

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

ӨзбекстанныңБас прокуратурасы Сардоба су қоймасына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойыншаалғашқы күдіктілердің ұсталғандығы туралы хабарлады.

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

«Қазіргіуақытта осы қылмыстық іс бойынша күдіктілер ретінде екі адам жауапқа тартылды,оларға қатысты  қамауға алу шарасықолданылды. Ісбойынша мән-жайды анықтауға кедергі келтіретін жағдайлардың алдын алу үшін, қалғанмәліметтерді жария ету мүмкін емес», — деп хабарлады Бас прокурор Телеграммканалыарқылы.

Естеріңізге сала кетейік, 1 мамырдаӨзбекстандағы Сардоба су қоймасында бөгеттің бұзылуы салдарынан 276 шаршышақырым су астында қалды, оның 76-сы Қазақстанда болды. Елде 10 елді мекен суастында қалды, эвакуацияланған тұрғындардың саны 30 мыңнан асты. Тек өсімдікшаруашылығына келтірілген зиян, алдын-ала мәліметтер бойынша, шамамен 404миллион теңгені құрады.

Өзбекстанда Сардоба фактісі бойыншаӨзбекстанның Қылмыстық кодексінің 207-бабы 1-бөлігі («қызметтік абайсыздық»)және 258-бабы 2-бөлігінің «б» тармағына сәйкес («тау-кен жұмыстарын жүргізу,құрылыс немесе жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу»)қылмыстық іс қозғалды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз