Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:30

Сәтбаев қаласының тұрғындары тағы да қара қар жауғанына шағымданды

1

Ұлытау өңіріндегі Сәтбаев қаласының тұрғындары тағы да қара қар жауғанына шағымданды. Әлеуметтік желіде қара қардың видеосы тарап жатыр.

Тұрғындар жергілікті қазандықтың мұржасынан шыққан күйеден қардың түсі өзгерді деп отыр. Ал, жергілікті әкімдік қар түсінің өзгеруін арзан көмір әсер етті дейді.

«Қалалық қазандық жылу энергиясын өндіру үшін «Молодежный» разрезінің көмірін пайдаланады. Оның төмен құны тарифтердің өсуін ұстауға көмектеседі, бірақ сапасы қоршаған ортаға және жабдықтың жұмысына кері әсер етеді. Қазандықтың негізгі жабдықтары 1960-жылдардың басында пайдалануға берілген және оның газ тазалау жүйелері қазіргі заманғы экостандарттарға сәйкес келмейді», - делінген әкімдік хабарламасында.

Әкімдік 2024 жылы үздіксіз жылу беруді қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құны 1,6 млрд теңгені құрағанын мәлімдеді. Жылу энергетикалық компания қазіргі уақытта экологиялық өнімділікті жақсартуға және кешенді экологиялық рұқсат алуға бағытталған ең жақсы қолжетімді технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыс жасап жатқанын айтты.

Әкімдіктің хабарлауынша, Сәтбаев қаласындағы барлық жеке үйлерді газбен қамту жобасы әзірленуде, бұл қазандықтағы жүктемені азайтып, атмосфераға шығарылатын зиянды заттарды азайтады.

Орталық Қазақстанның бірқатар өнеркәсіптік қалаларының тұрғындары ауаның ластануына жиі шағымданады. Бұған дейін Теміртау мен Сәтбаев қалалары қара қарға шағымданған болатын. Тұрғындар қара қарды жергілікті зауыттардың шығаратын зиянды қалдықтары деп есептейді.

Тегтер: