Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:15, 19 Ақпан 2024

Семейде қатты аяздан көпір жарылып кетті

Семей
Фото: из открытых источников

Семейде қатты аяз салдарынан аспалы көпірдегі тігістерде саңылаулар пайда болды. Белсенділердің айтуынша, кей жерлерде жарықшақтардың ұзындығы 20 сантиметрге жетеді.

"16 ақпанда -29 С ауа температурасында деформациялық тігістер мен аспалы көпір тіректерінің көрінетін конструкциялары қаралды. №1 тіректе шамамен 70 мм және деформациялық тігістердің жоталары арасындағы №10 тіректе 60 мм саңылаулар табылды. Көпір тіректерінің жай-күйі орнықты деп бағаланды, көпірдің құлау қаупі анықталған жоқ", - деп хабарлады қалалық әкімдік.