Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:51

Семейдегі дау: прокуратура ғимаратының терезесінен алкоголь бөтелкелері байқалды

1
Фото: скриншот

Әлеуметтік желілерде Семей қаласында түсірілгені айтылатын бейнежазба кеңінен тарады.

Облыстық прокуратура ғимараты деп айтылған нысанның бір терезесінің алдында ішімдіктердің бос бөтелкелері қойылғанын көруге болады.

Бейнежазбаны көшеден өтіп бара жатқан адамдар түсірген. Видео мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жылдам тарап кеткен. 

Абай облысының прокуратурасы аталған видеоның таралуына байланысты қызметтік тексеру басталғанын хабарлады.

— Қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша кінәлі тұлғаның тәртіптік жауапкершілігі мәселесі шешіледі, — деп мәлімдеді қадағалау органы.

Тегтер: