Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:52, 03 Қазан 2024

Сенатор Қазақстанда 13 жасқа дейінгі балалар үшін ТикТокты бұғаттауды ұсынды

а
Фото: islamnews.ru

Сенат депутаты Геннадий Шиповски премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, 13 жасқа дейінгі балаларға ТикТокты бұғаттау механизмін қарастыруды сұрады.

Шиповскидің айтуынша, TikTok платформасы танымал және шығармашылық адамдарды, соның ішінде білім беру саласында қызықтыратынына қарамастан, «мемлекеттер әртүрлі себептермен бұл платформаға ішінара тыйым салады». Себептердің қатарында депутат балалардың психикалық денсаулығына қатысты алаңдаушылықты атады, себебі кейбір мазмұн оларға теріс әсер етіп, жалған мұраттарға жетелейді.

«Соңғы уақытта TikTok-та ағындық форматта өткізілетін жарыстар кең тарады, онда жеңілген адам жеңімпаздан түрлі тапсырмалар алады. Бұл тапсырмалар бір қарағанда қызықты әрі көңілді болып көрінгенімен, олардың кейбіреулері адам денсаулығына физикалық және моральдық зиян келтіретінін байқаймыз.

13 жасқа дейінгі балалар TikTok-қа ата-анасының телефонынан кіретін болса, Face ID технологиясын қолдану арқылы бұғаттау механизмін қарастыру қажет. Әйтпесе, біздің елде TikTok платформасын бұғаттауды сұраймыз», - деді  Шиповски.

Депутат бұл мәселелерді шешу ел азаматтарының денсаулығы мен адамгершілік құндылықтарын сақтауға, сондай-ақ жастар арасында таралатын қауіпті әдеттерді азайтуға жасалған қадам болатынына сенімді.

Тегтер: