11:55, 31 Қазан 2024
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды ма?
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Шерзат Полаттың ісіне қатысты пікір білдірді.
Қойгелдиевтің айтуынша, Талғар ауданындағы кісі өліміне қатысты тергеу жұмыстары бақылауға алынды, адамдар қамауға алынды, бірқатар айыптар тағылды.
«Марқұмның әкесіне қатысты қылмыстық іс жоқ.15 қазанда ішкі істер министрінің орынбасары мен облыс прокурорының төрағалығымен БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті. Сізге тергеу барысы туралы толық есеп берілді. Әкемнің үстінен қылмыстық іс жоқ деп айта аламын. Өрт қою фактісі бойынша да сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр», - деді Ғалымжан Қойгелдиев.
Айта кетейік, 4 қазан күні Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Артынша марқұмның отбасы тұратын үй өртеніп кетті. Құқық қорғау органдары аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.