Шерзаттың ағасының өлімі: Туыстары оның суицид жасағанына сенбейді
16 жастағы Шерзат Болаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың өлімі қоғам арасында талқыланып жатыр. Туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді.
9 желтоқсан күні марқұм Шерзат Болаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі Талғар қаласының шетінен табылды. Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, өлімге суицид себеп болған.
Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.
Алайда Ғайыпбаевтың кейбір туыстары суицид жасады дегенге сенбейді. Бұл туралы оның әпкесі журналисерге айтқан. Қазір марқұмның туыстары түсініктеме беруден бас тартып, кез келген түсірілімге тыйым салған. Марқұмның денесі мәйітханада, ал полицейлер өлімнің мән-жайын анықтауды жалғастырып жатыр.
Бұған тейін полиция Нұрғанат Ғайыпбаевтың өлер алдындағы хатын жариялады. Хатта ол қоштасып, өзін інісінің жанына жерлеуін сұраған.