Шешенстанда Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы министр болып тағайындалды
Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы Ахмат Шешенстанның жастар ісі министрі болып тағайындалды. Сонымен қатар ол Республиканың жоғары наградасын да алған.
Тағайындау туралы ресми түрде хабарланбады, алайда республика үкіметінің жетекшісі Магомед Даудов марапаттау туралы жазбасында жаңа қызметін атап өткен. Ол Қадыровтың ұлы «кез келген тапсырманы жоғары деңгейге орындайды» деп жазған, алайда нақты қандай еңбегі үшін марапаттағанын түсіндірмеген.
Бұған дейін Ахмат Кадыров спорт және жастар саясаты министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған, ол бұл қызметке кәмелет жасқа толғаннан кейін тағайындалған.
2023 жылы Ахмат Қадыров әкесінің көмекшісі атанды, билікшіл «Движение первых» бөлімінің жетекшісі болды. Көктемде жасөспірімді Ресей президенті Владимир Путин Кремльде қабылдаған.