Шетелдегі Құрылтай сайлауына қазақстандықтардың 84,4 пайызы қатысты
Қазақстанның шетелдегі Құрылтай сайлауына қатысу көрсеткіші 84,4 пайызды құрады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Шетелдегі 79 учаскелік сайлау комиссиясының барлығы жұмысын аяқтады. 61 мемлекетте жалпы 9623 Қазақстан азаматы дауыс берді. Сайлауға қатысу көрсеткіші 84,4 пайызды құрады», – делінген министрліктің дүйсенбі күні таратқан хабарламасында.
Еске салайық, 23 тамызда Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Жарияланған экзитпол нәтижелерінің барлығында «Әділет» партиясы айқын басымдықпен бірінші орын алды.