Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:39

Шымкентте «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына дайындық барысы

1
Фото: ТЖМ

  Шымкент қаласында жойқын жер сілкінісі болған жағдайда азаматтық қорғау күштері мен шұғыл қызметтердің іс-қимылдарын пысықтауға бағытталған «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына дайындық жүргізілуде.

Оқу-жаттығуларға ТЖМ 52859, 28237, 68303 әскери бөлімдерінің жеке құрамы мен техникасы, сондай-ақ Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан келген жедел топтар тартылған. Төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарына сәйкес оқу-жаттығуға Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінің құтқару бөлімшелері мен қызметкерлері және басқа да мүдделі мекемелер қатысуда.

Шымкент қаласында ТЖМ алдыңғы шептегі тобы мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша практикалық іс-қимылдарды пысықтауға арналған 4 оқу полигонын дайындады.

Шымкентте жойқын жер сілкінісі болған жағдайда халықты уақытша орналастыруға арналған шатырлы лагерь құрылды. Мұнда барлық қажетті жағдай жасалған: тұрғын аймақ, коммуналдық-тұрмыстық нысандар, тамақтану аймағы, шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған Апаттар медицинасы орталығының мобильді госпиталі, мобильді ХҚКО және байланыс пункті.

Оқу-жаттығу барысында ТЖМ құтқарушылары, азаматтық қорғау қызметтері және жергілікті атқарушы органдар заманауи техника мен жабдықтарды пайдалана отырып, эвакуациялау, уақытша орналастыру пункттерін жайғастыру және зардап шеккен халыққа кешенді көмек көрсету алгоритмдерін пысықтауда.

Тегтер: