Әлеумет

ШЫҰ байқаушылары Құрылтай сайлауында заңбұзушылық тіркелмегенін мәлімдеді

Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) байқаушылар миссиясы 23 тамызда өтіп жатқан Құрылтай депутаттарын сайлауда әзірге заңбұзушылық тіркелмегенін мәлімдеді.

ШЫҰ

Миссия өкілдерінің хабарлауынша, 23 тамыз күннің бірінші жартысында сайлау процесіне қатысты заңбұзушылықтар анықталмаған. Сондай-ақ байқаушыларға қандай да бір шағым түспеген.

ШЫҰ миссиясының құрамында 17 байқаушы бар. Ұйым сайлауға қатысты түпкілікті қорытындысын дауыс беру аяқталғаннан кейін жарияламақ. Қорытынды баспасөз мәслихаты 24 тамызға жоспарланған.

Айта кетейік, Қазақстанда 23 тамызда Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Құрылтай 145 депутаттан тұрады және депутаттар бес жыл мерзімге сайланады. Сайлау партиялық тізім бойынша өтуде.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз