Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:24, 12 Желтоқсан 2023

ШҚО-да қызылшадан алты айлық сәби көз жұмды

Қызылша
Фото: из открытых источников

Шығыс Қазақстанда қызылша жұқтырған алты айлық сәби көз жұмды, деп хабарлайды Zhasalash.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы сәби қызылшаның асқынған түрімен ауырғанын мәлімдеп отыр. Сәбиде пневмония түріндегі асқыну болғаны анықталған. Өкінішке қарай, дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмады.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында қызылшаны жұқтырудың 121 жағдайы тіркелген.

«Өкінішке қарай, қазіргі уақытта қызылшамен ауырып жатқандардың қасында болған адамдардың екпе алудан бас тарту фактілері бар. Бұл тенденция қызылшамен ауырғандар арасында да байқалады, олардың 90,6 пайызы екпе алмаған. Бүгінгі таңда 18 жасқа дейінгі балаларға екпе салу жұмысын жандандыру қажет», - дейді ШҚО СЭБД басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.