Саясат

Шодиев пен Машкевич ERG директорлар кеңесінен кетті

Патох Шодиев пен Александр Машкевич Eurasian Resources Group (ERG) директорлар кеңесінен кетеді. Бұл туралы 17 шілдеде ERG баспасөз қызметі хабарлады.

в

Ал, 2021 жылдан бастап компанияның басқарма мүшесі болған Шухрат Әлиджанұлы Ибрагимов Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Сонымен қатар:

  • Патох Каюмов Шодиев орнына Сабир Патохович Шодиев келеді, 
  • Александр Антон Машкевичтің орнын Эдуард Юрьевич Сурлевич ауыстырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері – Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен Қаржы министрі Мәди Тәкиев директорлар кеңесінің мүшелері болып қалды.

Директорлар кеңесіндегі кадрлық өзгерістер жаһандық сын-қатерлер мен серпінді өзгеретін нарықтар жағдайында компанияны одан әрі дамыту мен нығайтуға бағытталған, деп түсіндірді ERG баспасөз қызметі.

Nurbike Beksultan
Nurbike Beksultan Nurbike Beksultan

Оқыңыз