Оқиғалар

Швейцариялық ұшақ дабыл белгісінен кейін Алматыға шұғыл қонды

SWISS әуе компаниясына тиесілі Airbus A350 жолаушылар ұшағы Қазақстан әуе кеңістігінде дабыл белгісін беріп, бағытын өз мәжбүр болды.

Swiss Airbus A350

Әуе кемесі Сеул қаласынан Цюрих бағытына ұшып бара жатқан. Ұшу барысында Қарағанды облысы үстінен өткен кезде экипаж Squawk 7700 кодын берген. Бұл код төтенше жағдайды білдіреді. Сол сәтте ұшақ шамамен 11,6 мың метр биіктікте болған.

Дабылдан кейін ұшқыштар бағытты өзгертіп, ұшақты Алматы қаласына бағыттаған. Әуе кемесі әуежайға сәтті қонып, кейін арнайы тұраққа жеткізілген.

Қазіргі уақытта рейс барысында нақты қандай жағдай орын алғаны ресми түрде хабарланған жоқ.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз