Аймақ

Шымкентте ата-аналарға айыппұл салынды

Шымкент қаласында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік шара ұйымдастырылды.

Шымкентте ата-аналарға айыппұл салынды

 Оған «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Рейдтің негізгі мақсаты – заңға сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүрмеуін тексеру, ата-ананың қарауынсыз қалу, келеңсіз жағдайлардың алдын алу еді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 442-бабы 2-бөлімі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы) бойынша 28 әкімшілік хаттама толтырылып, 70 тұрғынға ауызша ескерту салынды.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз