Шымкентте автобус жолақысы 100 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін
Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен кездесуде мәлімдеді.
Оның айтуынша, қоғамдық көліктегі жолақыны қазіргі деңгейде ұстап тұру қиындап барады.
"Қоғамдық көліктегі жолақыны 70 теңге деңгейінде ұстап тұра алмаймыз. Қарттар мен жастарға арналған жеңілдіктерді сақтаймыз, алайда тарифті кемінде 100 теңгеге көтеру қажет. Себебі жолақы құнының айырмасын мемлекет субсидия есебінен өтеп отыр, ал шығындар өсіп жатыр", – деді Ғабит Сыздықбеков.
Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.