Аймақ

Шымкентте «е-халық», «е-собес» ақпараттық жүйелері қолданылады

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі.

Шымкентте «е-халық», «е-собес» ақпараттық жүйелері қолданылады

Бүгінде Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 27 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

Басқарма мамандарының айтуынша, биыл жеті айдың ішінде мемлекеттік көрсетілген қызметтердің саны 135 276-ға жеткен. Оның ішінде халыққа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациялары арқылы  34 104  және 14 823-і   электронды түрде,  уәкілетті орган арқылы тікелей 86 349 қызмет көрсетілген.  Аталған қызметтерді көрсету барысында «е-халық», «е-собес» ақпараттық жүйелерін қолданып жатыр.

Тұрғындардың басым бөлігі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру сынды мәселелерімен жүгінген. Мәселен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – 56 711, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға 11702 азаматқа жолдама берілген.

Сонымен қатар, мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу  – 137, мүгедектерге кресло-арбалар беру  – 445, мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету бойынша 3170 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз