Аймақ

Шымкентте екі биометриялық шұңқыр пайдалануға берілді

Шымкент қаласының құрылыс басқармасының тапсырысымен 2020 жылы бірқатар ауылшаруашылық нысандарның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда мемлекеттік қабылдау актісімен пайдалануға тапсырылды.

Шымкентте екі биометриялық шұңқыр пайдалануға берілді

Солардың бірі — 295 орамдағы және Ақтас шағынауданындағы биотермиялық шұңқырдың құрылысы пайдалануға берілді. Биотермиялық шұңқыр – биологиялық қалдықтарды, яғни малдардың өлекселерін залалсыздандыруға арналған нысан.

Бүгінгі таңда аталған нысандарды Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына тапсыру мақсатында қала әкімінің қаулысы әзірленуде.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз