Баған

Шымкентте муниципалдық автобус паркі құрылады

Шымкенттің қоғамдық көліктеріне электронды билет жүйесіенгізіледі. Сонымен бірге мегаполисте муниципалдық автобус паркін құру көзделіпотыр.

Шымкентте муниципалдық автобус паркі құрылады

Жалпы, Шымкенттің автобустарында электронды билет енгізубұған дейін де қолға алынған болатын. Қалалық әкімдік осы бағыттаоңтүстіккореялық компаниямен келісімге отырған. Бірақ оның реті келе қоймады.Енді осы іске «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы кірісіп отыр.Аталған корпорацияның басқарма төрағасы Рашид Аюпов қаланың Қоғамдық кеңесінде«Шымкент қаласының жолаушылар тасымалының жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар»тақырыбында баяндама жасады.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 27 көлік компаниясыжолаушылар тасымалымен айналысады, олардың тек 14-і ғана өз автобустарынпайдаланады, қалғандары жалдамалы автобустардың көмегін сүйенеді. Төрағаныңайтуынша, қазіргі уақытта Шымкенттің қоғамдық көліктерінде жолаушыларға қызметкөрсету сапасының төмендігі, төмен мәдениет және жүргізушілердің көлікті дұрысбасқармауы, автобустардың жолаушыларды нормадан артық толтыруы, маршруттаркестесін сақтамау, маршрутқа тек «час-пик» уақтысында шығу, тиімді емесмаршруттарға қызмет көрсетпеу сияқты проблемалар бар.

-  Электронды билеттеу жүйесін енгізу жәнемуниципалдық автобус паркін пайдалануға беру бірқатар маңызды  мәселелердішешуге мүмкіндік береді.  Мәселен,көлеңкелі айналымдағы табысты жою, ескірген қалалық автобустар паркін жаңарту,қалалық жолаушылар тасымалы қауіпсіздігі мен сервис деңгейін арттыру, қазіргізаманғы автобус паркінің өндірістік инфрақұрылымын құру, — деді Рашид Аюпов.

«Shymkent» ӘКК алдағы уақытта муниципалдық автобус паркін құру, субсидиялау қағидаларын әзірлеу және басқа шараларды қолға алып отыр.  Қоғамдық кеңес Рашид Аюповтың ұсыныстарын қолдады.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз