Шымкентте Қайрат Нұртастың концерті ұйымдастырушысы ұсталды
Шымкентте әнші Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған ер адам полицияға жеткізілді. Ол 1984 жылы туған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Еске салайық, 10 қазанда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен концерт кезінде сегіз адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың жетеуі тексеруден кейін үйлеріне жіберілді. Ал 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Осы оқиғаға байланысты полиция концерт өткізу кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеген. Іс-шараны ұйымдастырушылардың әрекетіне заң аясында баға беріледі.