Сирияда соғыспақшы болған: Шымкентте діни радикал ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Шымкентте терроризмді насихаттады деген күдікпен Түркістан облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, прокуратураның қатысуымен комитет қызметкерлері Шымкентте терроризмді насихаттады деген күдікпен Түркістан облысының тұрғынын ұстады.
Құқық қорғау органының хабарлауынша, күдікті Сирияға лаңкестік топтар жағындағы соғыс қимылдарына қатысу үшін бармақ болған.
Сотталушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Іс бойынша басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін әзірге жарияланған жоқ.
Қаңтар айының соңында Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Астана, Шымкент және Ақтөбе облысында діни радикалдардың ұсталғанын хабарлаған еді.