Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:30, 20 Қараша 2023

СҚО-да 150-ден астам елдімекен үш тәуліктен бері жарықсыз отыр

СҚО
Фото: из открытых источников

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Аққайың, Мағжан Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Жамбыл, Есіл, Тимирязев және Шал ақын аудандарына қарасты ауылдар 18 қарашадан бері жарықсыз отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында 150-ден астам ауыл үш тәуліктен бері жарықсыз отыр, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

«Кей ауылда әлі толығымен жарық жоқ. Бүгін аталған жайтқа қатысты «Солтүстік Қазақстан электржелісін тарату компаниясы» АҚ әлеуметтік желі арқылы түсініктеме берді. Жазбаға сүйенсек, желілер мен бағаналар қатқан мұз бен желден үзілген, құлаған. Ең түйткілді мәселе Мағжан Жұмабаев ауданында тіркелді. Мұнда бағанға айтарлықтай зақым келген. Қазір арнайы бригадалар тиісті жұмыс жүргізіп жатыр», - деп жазады өңірлік MTRK.SKO Инстаграм паблигі.

Ал «Петропавловск news» 18 басылымының жазуынша, 18 қарашада облыста 11 ауданда электр жарығы үзілген. 217 елдімекен немесе 33 мың абонент жарықсыз қалған.

«Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 20 қарашада таңертең 10 аудан жарықсыз отырды, бұл 150 елдімекен немесе 21 мыңнан астам абонент», - деді ТЖ алдын алу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Сәкен Ағзамов.

Cонымен қатар, Айыртау, Тимирязевский және Мағжан Жұмабаев аудандарында ауа райының күрт нашарлауына байланысты мал іздеуге шыққан үш жігітке іздеу салынды.