Әлеумет

СҚО-дағы екі қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып құлады

СҚО-дағы Мамлютка қаласында екі қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып құлады. Тұрғындардың айтуынша, үйдің апатты жағдайда тұрғаны бұрыннан белгілі болған.

Е

Оқиға кезінде құлаған пәтерлер бос болған. Себебі кей тұрғындар қауіптеніп, әлдеқашан көшіп кеткен. Алайда бірнеше отбасы әлі де сол үйде тұрған.

Тұрғындардың сөзінше, үй 2005 жылы апатты деп танылған. Бірақ кейін белгісіз себеппен ескі әрі қауіпті үйлер тізімінен алынып тасталған. Олар жақын маңдағы құрылыс жұмыстарынан кейін жағдай тіпті қиындағанын айтады.

Тәуелсіз сараптама ғимаратқа апаттылықтың бесінші дәрежесін беріп, тұрғындарды шұғыл көшіру қажет деген қорытынды жасаған. Соған қарамастан адамдар қауіпті үйде тұруды жалғастырған.

Опырылудан кейін төрт отбасы уақытша баспанамен қамтамасыз етілді. Әкімдік олардың үш айға жаңа үйлерге орналастырылғанын хабарлады. Кейін тұрғындарға тұрақты баспана беру мәселесі қаралатыны айтылды.

Әкімдік қазір апатты үйде қалған тұрғындарды да көшіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен бірге шенеуніктер тұрғындардың басқа баспанасы бар-жоғын тексермек.

Тегтер: СҚО
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз