Live

Соғыс басталғалы бері алғаш рет Қатар кемесі Ормуз бұғазы арқылы өтті

Бұғазды кесіп өткен кеме - сұйытылған табиғи газ (СПГ) тасымалдайтын Al Kharaitiyat танкері.

Ормуз

Кеме Оман шығанағына кіріп, Пәкістан бағытына бет алған. Шетелдік БАҚ мәліметінше, танкер жағалау бойымен қозғалып келеді. Бұл Қатар мен Иран арасындағы келісімдерге байланысты болуы мүмкін.

Ал бүгін таңертең Доха жағалауындағы тағы бір жүк кемесіне Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) оқ атқаны хабарланды. Зардап шеккендер жоқ, кеме де айтарлықтай бүлінбеген.

Тегтер: Ормуз бұғазы
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз