Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:14, 02 Тамыз 2024

Солтүстік Қазақстан облысында 32 млн теңгенің бидайы ұрланды

в
Фото: pixabay

Солтүстік Қазақстан облысында 32 млн теңгенің бидайын ұрлаған күдіктілер анықталды.

Полицияға Тимирязев ауданындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің жетекшісі жүгінген.

Аталған ЖШС аумағынан салмағы 200 тоннадан асатын ауыл шаруашылығы өнімдері ұрланған. Анықталғандай, бидай 2024 жылғы мамыр айының соңында және маусым айының басында түнгі уақытта тіркемесі бар КамАЗ жүк көліктерімен шығарылған. Шығын 32 миллион теңгеге жуықтады, делінген хабарламада.

СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері аудандық полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп, жүк көліктерінің жүргізушілері мен 1982, 1985 жылдары туған екі күдіктіні, сондай-ақ көршілес Қостанай облысындағы сатып алушыларды анықтады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық автокөлік тәркіленіп алынды.

Күдіктілер мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тегтер: