Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:43, 11 Маусым 2024

Соңғы 5 жылда денсаулық сақтау саласына 261 млрд теңге бөлінген

Үкіме
Фото: Үкімет

Үкіметтің қаулысымен денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен отырыста Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген құжатты министр Ақмарал Әлназарова ұсынды.

Министрдің айтуынша, cоңғы 5 жылда Қазақстанда 400-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынып, медициналық жабдықтарды сатып алуға 261 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған.

Бұл ретте инфрақұрылымның тозу деңгейі жоғары 50% күйінде қалып отыр, жұмыс істеп тұрған нысандардың жартысы 40 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Елімізде медициналық жабдықтармен жарақтандыру деңгейі 80 пайыздан асса, қызмет көрсету сапасы техниканы тозуы салдарынан төмендеп отыр, деді Әлназарова.

Денсаулық сақтау жүйесінің қосымша проблемалары аурухана төсек қорын тиімсіз пайдалану, дәрігерлер мен медбикелердің тапшылығы болып саналады.