Қоғам

Сот Санжар Боқаевты қамаудан босатпады

22 қазанда Алматының Алмалы аудандық сотында белсенді Санжар Боқаевтың, оның видеографы Ұлан Нүсіпқожаның және Мадияр Қалменовтің бұлтартпас шарасын өзгерту туралы өтініш қаралды.

Боқаев

"Власть" басылымының хабарлауынша, судья Жанат Әбенова Санжар Боқаев пен Мадияр Қалменовті қамауда қалдыру туралы шешім шығарды. Сот олардың бұлтартпас шарасын өзгертуге негіз жоқ екенін мәлімдеді.

Ал Ұлан Нүсіпқожа денсаулығына байланысты үйқамаққа ауыстырылды.

Қорғау тарапы прокурорды ауыстыру туралы өтініш білдіргенімен, сот оны қанағаттандырмады. Қазір қорғаушылар судьяны ауыстыруды талап етіп отыр.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз