Live

Сотта Ұлдана Мырзуанның неден көз жұмғаны айтылды

Сот отырысында Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот-медициналық сараптаманың қорытындысы жарияланды. Сараптамаға сәйкес, көпқабатты үйдің қасбетінен кірпіштер құлаған сәтте Ұлдана басынан ауыр ашық бас-ми жарақатын алған.

Ұлдана Мырзуан

Мамандар оның бас сүйегінің бірнеше жері сынғанын, ми қабықтарының астына қан құйылғанын және ми жарақаты болғанын анықтаған. Соның салдарынан ми тіндері ісініп, ми құрылымдары ығысқан және ми бағаны қысылған.

Сарапшының айтуынша, марқұмның көз шарасы мен бет сүйектері де сынған. Бас сүйегінде маңдай, төбе және самай тұстарын бойлай сызықтық сыну болған. Сонымен қатар көлемі үлкен үш гематома пайда болып, ми тінін қысқан.

Сараптама қорытындысында алған жарақаттары мен Ұлдананың өлімі арасында тікелей себеп-салдарлық байланыс бар екені көрсетілген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз