Оқиғалар

Су инфрақұрылымы жаңарса, ресурс үнемделеді

Қазақстанда су ресурстарын тиімді басқару және су инфрақұрылымын жаңғыртуға ерекше мән беріліп отыр.

су

 2024-2025 жылдары су шаруашылығына шамамен 677 млрд теңге инвестиция тартылып, қаражат су қоймаларын, каналдар мен гидротехникалық нысандарды салуға және жаңартуға бағытталды. 

Сонымен қатар су саласын цифрландыру жұмыстары жүріп жатыр. Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесіне 23 мыңнан астам су нысаны туралы мәлімет енгізіліп, олардың ішінде өзендер, көлдер мен гидротехникалық құрылыстар цифрландырылды. Бұл суды есепке алуды жақсартып, ресурстарды тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Су тапшылығы күшейіп келе жатқан кезеңде басты міндет – жаңа нысандар салумен қатар, қолда бар суды ысырапсыз пайдалану. Сондықтан су инфрақұрылымын жаңарту, цифрлық бақылауды күшейту және суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру елдің ұзақ мерзімді қауіпсіздігі үшін аса маңызды.

Жәнібек Желдібай

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз