Аймақ

"Су тасқыны қаупі кезінде Атырау әкімдігінің қызметкері жаңа көлік қарап жүр" деген видеоға әкімдік жауап берді

Әлеуметтік желілерде "Халық сумен арпалысып жатқанда Атырау қаласы әкімдігінің қызметкері жаңа көлік қарастырып жүр" деген ақпарат таралды.

1

Алайда әкімдіктің сөзінше, қызметкер көлікті жөндеуден өткізу мақсатында ресми дилерден қосалқы бөлшектердің бағасын білу үшін барған екен.

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында А.Ибрагимов қала әкімі аппараты іс басқармасының теңгеріміндегі „ТОЙОТА“ автокөліктерін жөндеуге қою үшін қосалқы бөлшектерді қарап жүрген уақытында блогер Р.Баязиев қуып жетіп, бейнежазбаға түсірген. Аталған блогер ақпаратты бұрмалау арқылы провокация жасаған. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде өздерін қоғам белсендісі санап жүрген азаматтардың мемлекеттік қызметшілерді әртүрлі арандату арқылы ақпаратты өз пайдасына бұрмалап беру әрекеттерін құп көрмейтінімізді жеткіземіз», - деді Атырау облысы Әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев.

Тегтер: су тасқыны
Жангүл Есениязова
Жангүл Есениязова Жангүл Есениязова

Оқыңыз